Алматыда зираттағы орынды енді онлайн таңдауға болады. Қанша зират жерлеуге ашық?

Фото: ҚМДБ
Фото: ҚМДБ
Orynai сервисі қызметке кірісті.

Алматыда зираттағы бос орындарды енді үйден шықпай-ақ анықтап, алдын ала брондауға болады. Бұл қызметті қала тұрғындары Orynai сервисі арқылы пайдалана алады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы

Сайтқа кірген бойда екі батырма көрінеді: "Маманға қоңырау шалу" арқылы оператормен байланысуға болады, ал "Жерлеуді ұйымдастыру" батырмасы зираттардың толық тізіміне апарады. Қызмет картадағы әр жерді көрсетеді: сұр тіктөртбұрыштар – толтырылған орындар, қоңыр – резервтелген, жасыл – бос орындар. Тұрғындар қалаған орнын таңдап, ақшасын төлеп алдын ала брондай алады.

Алматыда жалпы 70 зират бар, бірақ олардың тек тоғызы жерлеуге ашық, қалғандарына қазіргі уақытта рұқсат жоқ. Онлайн жүйе зираттағы орындардың нақты жағдайын бақылауға мүмкіндік береді және жерлеу рәсімін жоспарлауды жеңілдетеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз