Тікелей эфир

Алматыда зілзаладан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Науқастардың бірінің жағдайы ауыр күйінде қалып отыр.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Алматыдағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

"Зілзаладан зардап шеккен үш ересек адам барлық қажетті медициналық көмекті алуды жалғастыруда. Бір науқастың жағдайы – ауыр, екеуінде – орташа ауыр. Науқастардың барлығына толық көлемде қажетті медициналық көмек көрсетілуде", – деп жазылған хабарламада.

Жер сілкінісі кезінде зардап шеккен төрт баланың жағдайы орташа ауыр және тұрақты екені атап өтілді. Олар Балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығында және толық көлемде қажетті ем алуда.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы жер сілкінісінің таудан түсірілген видеосы желіде тарады


 

Серіктестер жаңалықтары