Алматы қаласында Жетісу көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Атап айтқанда, 8 сәуір күні сағат 08:00-ден 20 сәуір күні сағат 08:00-ге дейін Жетісу көшесі бойында Мақатаев көшесі мен Янушкевич көшесі аралығында қозғалыс ішінара шектеледі. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылып, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар қойылады", – делінген хабарламада.
Қала билігі жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Қозғалысқа қатысты өзекті ақпарат 2GIS, Яндекс Карталар, сондай-ақ Almaty.kz сайты мен Telegram-дағы @AlmatyJoly арнасында жарияланып отырады.