Алматыда жер сілкінді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қала тұрғындары жер сілкінгені туралы хабарлама алды.

Бүгін сағат 15.00-ден өте Алматы тұрғындары қалада жер сілкінгені туралы хабарлама алды. Онда жер сілкінісінің магнитудасы 5.1 деп жазылған. 

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің хабарлауынша, жер сілкінісі Астана уақытымен 15 сағат 11 минутта тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 км. жерде орналасқан.

"Алынған деректер өңделуде. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ", – делінген хабарламада. 

Министрлік жер сілкінісі кезінде сақтау тиіс 10 ережені еске салды:

  • Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  • Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
  • Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз; 
  • Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз; 
  • Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
  • Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  • Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет); 
  • Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз; 
  • Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
  • Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз