USD: 474.1 / 478.1
  • EUR: 539.5 / 544.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Алматыда жер сілкінді. Қуаты – 2 балл

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жер сілкінісінің ошағы мегаполистен оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.

Бүгін, 29 шілдеде сағат 11:09-да Алматыда жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы мегаполистен оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласында жер асты дүмпулері 2 балл қуатпен сезілді.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. 

Жер сілкінісі кезінде ұстану қажет қағидалар:

  • сабыр сақтаңыз;
  • жер сілкінісі болып жатқан кезде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
  • жиһаздар мен терезелерден алыс тұрыңыз, люстралардың астында тұрмаңыз;
  • берік әрі қауіпсіз жерге паналаңыз. Егер ғимараттың жоғарғы қабаттарында болсаңыз, негізгі көтергіш қабырғалардың бұрышына орналасыңыз;
  • су, газ және электр қуатын ажыратыңыз;
  • төтенше жағдайға арналған сөмкені (дабыл чемоданын) өзіңізбен бірге алыңыз;
  • ғимараттан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – жер асты дүмпулері толық тоқтағаннан кейін);
  • көшеде электр желілерінен, ғимараттар мен ағаштардан алыс болыңыз;
  • қайталама жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • егде жастағы адамдарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетіңіз.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау