Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Бұл аумақты Наурызбай батыр көшесі мен Абылай хан даңғылы арқылы айналып өтуге болады.

Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Желтоқсан көшесінде BRT жобасын жүзеге асыру аясында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Әкімдіктің мәліметінше, бүгін 2 шілдеде сағат 08:00-ден 22:00-ге Гоголь көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі жолда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл аумақты Наурызбай батыр көшесі мен Абылай хан даңғылы арқылы айналып өтуге болады.

“Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған тақта қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз