USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

Алматыда заңсыз салынған тағы бір нысан бұзылды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Қазіргі уақытта сот қаулысын орындау үшін меншік иесі нысанды өзі бұзып тастаған.

Алматыны Түрксіб ауданында кафенің жанынан салынған заңсыз қосалқы нысан бұзылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің (жеке тұлға) тиісті құжаттарсыз, Жұмабаев көшесі, 23б мекенжайында қосалқы нысанды заңсыз салғаны анықталған.

"Меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданды, кейін істі қаланың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық соты қарады. 2025 жылғы 27 маусымда сот меншік иесін кінәлі деп тауып, заңсыз тұрғызылған құрылысты бұзу жөнінде қаулы қабылдады", – деп хабарлады басқармадан.

Қазіргі уақытта сот қаулысын орындау үшін меншік иесі нысанды өзі бұзып тастаған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау