Алматы қаласында заңсыз салынған шаруашылық қосалқы нысан сүрілді. Аталған нысан Нұр Алатау шағынауданындағы Өтегенов көшесі, 15/1 мекенжайында орналасқан, деп хабарлады Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы.
Басқарма өкілдерінің мәліметінше, нысан иесіне рұқсат құжаттарының толық болмауына байланысты бұған дейін әкімшілік шара қолданылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.
"2025 жылғы 21 сәуірде Бостандық аудандық сотына қосалқы нысанды бұзу туралы талап-арыз жолданған. Ал 2024 жылғы 25 тамызда сот басқарманың талап-арызын толық қанағаттандырған. Бүгін Алматы қаласының Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды", – делінген хабарламада.
USD:
497.1 / 500.1
EUR:
588.0 / 592.0
RUB:
6.43 / 6.55