Тікелей эфир

Алматыда Жансүгіров көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Жөндеу жұмыстары 8-13 қазан аралығында жүргізіледі.

Жансүгіров көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі. 

  • 8 қазан сағат 23:00-ден 10 қазан сағат 11:00-ге дейін Ақпаев көшесінен Крамской көшесіне дейінгі аумақта қозғалыс жабылады. Бұл бөлікті Рысқұлов және Сейфуллин даңғылдары арқылы айналып өтуге болады. 
  • 9 қазан сағат 23:00-ден 11 қазан сағат 11:00-ге дейін Крамской көшесінен Тихов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Кассин көшесі арқылы айналып өтуге болады.
  • 10 қазан сағат 23:00-ден 12 қазан сағат 11:00-ге дейін Тихов көшесінен Котельников көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Рудаки көшесі арқылы айналып өтуге болады.
  • 11 қазан сағат 23:00-ден 13 қазан сағат 11:00-ге дейін Котельников көшесінен Жұмабаев көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Рысқұлов, Сейфуллин даңғылдары және Кассин, Котельников көшелері арқылы айналып өтуге болады.

"Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары