31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні мегаполис тұрғындары мен қонақтары мерекелік отшашуды тамашалай алады, деп хабарлайды қалалық мәдениет басқармасы.
Отшашу демеушілер есебінен ұйымдастырылады.
Бүгін Алматыдағы барлық 80 шыршаның шамдары 19:00-де жағылады. Бас шыршаның шамын жағу рәсімі Абай атындағы алаңда өтеді. Биіктігі 25 метр болатын шыршаны безендіру үшін 6 шақырым гирлянда, сәндік элементтер, шырша шарлары, ірі банттар және қайта өңделген экологиялық қауіпсіз материалдардан жасалған жаңа жылдық ойыншықтар пайдаланылды.
Сонымен қатар Абай алаңында 2024 жылғы 20 желтоқсаннан 2025 жылғы 5 қаңтарға дейін мерекелік жәрмеңке өтеді. Мұнда қолөнер бұйымдары, кәдесыйлар және жаңа жылдық ойыншықтар ұсынылады.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63