Тікелей эфир

Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 2000 пәтер беріледі

Алматы әкімдігі халықтың осал топтары санатына жататындарға пәтер сатып алды.

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғынының сұрағына жауап бергенде айтты.

"Біз халықтың осал топтары санатына жататындарға пәтер сатып алдық. Мен өзім барып көрдім, таныстым. Пәтерлерді қабылдау рәсімінен кейін біз мамыр айының соңына дейін кезекте тұрғандарға кілттерді беруге тырысамыз. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы бекітілген тізімдерді тағы бер қарап шығады", – деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Жақын арада кезекте тұрғандар көптен күткен қоныс тойын атап өтеді.


Оқи отырыңыз: Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді


 

Серіктестер жаңалықтары