Картаны жасауда адамдардың жеке деректері пайдаланылмайды.
Алматыда деректерді бірыңғай сақтаудың жұмыс құралы – IT-жинағыш іске қосылады. Бұл туралы қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев мәлімдеді.
Сандық карта – деректерді визуализациялаудың ең танымал құралының бірі. Алматы қаласының бірыңғай деректер базасы мемлекеттік органдарға, коммерциялық компанияларға, сарапшылық қоғамдастықтарға және академиялық институттарға өзара тиімді негізде иесіздендірілген деректермен алмасуға мүмкіндік беретін ашық типтегі IT платформа ретінде құрылған.
"Барлық ұйымдарда деректерді бірыңғай сақтау платформасында алмасу үшін жеткілікті деректер көлемі жоқ. IT жинағышты іске қоссақ барлық тілек білдірушілер қаланың кейбір негізгі деректерін көре алады", – дейді Баян Қоңырбаев.
IT-жинағышты іске асырудың алғашқы қадамы – халықтың тығыздығы картасы. Ол әр түрлі жас санаттары бойынша Алматыда 300-ден 300 метрге дейінгі шаршы метрде тіркелген тұрғындардың санын көрсетеді: 16 жасқа дейін, 16-25, 26-35, 36-45, 46-55, 56-65 және 65 жастан асқан. Карта ресми мемлекеттік статистикаға сүйеніп жасалған. Карта түрінде ұсынылған осындай демография мәліметтері бизнеске қаланың нақты ауданында мақсатты аудиторияны анықтап береді. Адамның жынысы, телефон нөмірі, тұратын жері секілді жеке деректер пайдаланылмайды.
Картаның арқасында алматылықтар халық саны бойынша ең қолайлы шағын ауданды таңдай алады. Бірыңғай деректер базасы жобасының менеджері Аида Дәрменова барлық мүдделі айтишниктерге халық тығыздығы картасының негізін құрайтын өз идеяларымен бөлісуді немесе карта деректерін пайдалана отырып, қаланың пайдасына жоба әзірлеуді ұсынды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
281
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
257
-
0
-
4
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
239
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
244
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
240
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
242
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
234
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
233
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
229
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
233
-
0
-
0
-