2-7 қыркүйек күндері Алматыда үстел теннисінен халықаралық WTT Contender Almaty 2025 турнирі өтеді. Оған әлемге танымал теннисшілер, отандық құраманың көшбасшылары қатысады.
Аталған турнир үстел теннисі саласында беделді жарыстардың бірі саналады және онда жүлде алған спортшылардың рейтингі халықаралық есепте көтеріледі. Одан бөлек, додада жұлдызы жанған спортшы қомақты ұтысқа да ие бола алады. Жарыстың жүлде қоры – 100 мың АҚШ долларына тең.
Айта кету керек, Қазақстанда WTT Contender төртінші мәрте өткелі отыр. Турнирге әлемнің 21 елінен, атап айтқанда Аустралия, Вьетнам, Германия, Жапония, Иран, Испания, Корея, Қытай, Люксембург, Малайзия, Мексика, Өзбекстан, Румыния, Сауд Арабиясы, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Үндістан, Франция және Қазақстаннан 143 спортшы қатысады.
Оның ішінде Қазақстаннан 38 спортшы, сондай-ақ әлемдік додаларда өзіндік орны бар танымал спортшылар да бағын сынайды. Мәселен, әлемнің үздік 16 спортшысының қатарына кіретін үш дүркін Еуропа чемпионы словениялық Дарко Йоргич, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жапониялық спортшы Сора Мацушима, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, германиялық Шань Сяона, әлем чемпионатының қола жүлдегері Хонока Хашимото (Жапония) бар.
Жарыс барысында ерлер мен әйелдер арасында жекелей, жұптық және аралас санаттарда медальдар сарапқа салынады.
Қазақстан атынан қатысатын споршылар:
Ерлер:
- Алан Құрманғалиев;
- Айдос Кенжеғұлов;
- Искендер Харки;
- Санжар Жұбанов;
- Ирисбек Артукметов;
- Бақдаулет Акимали;
- Сағантай Құрмамбаев;
- Владислав Захаров;
- Денис Жолудев;
- Дастан Кенжеғұлов;
- Абдулла Мамай;
- Қадырәли Қабдылуахитов;
- Ши Данян;
- Темірлан Жиенбаев;
- Тимофей Герасименко;
- Нұрислам Қасым;
- Болат Ниятқалиев;
- Арнұр Оралханов;
- Ши Ченян;
Әйелдер:
- Зәуреш Ақашева;
- Анел Бақыт;
- Жанерке Кошкумбаева;
- Альбина Жақсылықова;
- Ангелина Романовская;
- Гузель Торшаева;
- Дарья Фу;
- Мария Лукьянова;
- Шахзода Ахмадалиева;
- Сарвиноз Миркадырова;
- Арай Ашкеева;
- Виктория Мочалкина;
- Малика Сандыбаева;
- Алиса Цвигун;
- Нурсая Нурман;
- Жания Бекмұхамбетова;
- Назым Серікбай;
- Нойла Ханиязова;
- Елизавета Лаврова.
Айта кету керек, бұған дейін Алматыда жасөспірімдер арасындағы WTT Youth Contender Almaty 2025 турнирі өткен еді. Онда қазақстандық жас теннисшілер Алан Құрманғалиев, Злата Стадник, Жания Бекмұхамбетова жүлделі орындарға ие болып, көзге түскен.
Турнир ADD Ustel Tennis Ortalygy үстел теннисі орталығында өтеді. Тікелей трансляциялар Qazsport арнасында және World Table Tennis YouTube арнасында көрсетіледі.
USD:
517.3 / 519.9
EUR:
606.5 / 610.5
RUB:
6.39 / 6.51