Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева бастауыш сыныптарда міндетті түрде 2-3 резервтегі мұғалім болатынын айтты.
Алматы мектептерінде ұстаздар Covid-19 жұқтырса, оқушыларға сабақты резервте тұрған мұғалім немесе тәжірибе жинақтаушылар өткізеді. Ал ата-аналарға баласына күнделікті 4-5 бетперде және антисептик алып беру міндеті жүктеліп отыр. Егер отбасының мұндай мүмкіндігі болмаса, бетпердені мектеп береді, деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Оқушылар мектеп ғимаратына бірнеше есіктен кіргізіліп, кіреберісте олардың дене қызуын медбике өлшейді. Мұның алдында толық дезинфекцияланады. 1,5 метрден кем емес ара-қашықтық сақталуы үшін дәлізден сыныпқа жеткенше арнайы қызыл жолақтар сызылған. Мұнымен қатар, әр 2-3 сағат сайын сыныпты желдету, кварц қосу секілді тазалық талаптары жүргізіледі. Сынып ішінде санитайзер, ауыз су, бетперде міндетті түрде болады.
Егер бір сыныптағы оқушылар саны 35-тен асып кетсе, онда дәріс үлкенірек аудиторияда өткізіледі. Мектеп ішінде мұғалім де, оқушы да бетпердемен жүреді.
"Алматыда екі педагогикалық оқу орны орналасқан. Жоғары курс студенттері тәжірибесін мектепте өтуі үшін университеттермен тікелей дуалды оқыту жүйесі бойынша байланыстамыз. Жалпы кез келген мектептің бастауыш блогында кем дегенде резервте 2-3 оқытушы болады", – деді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.
Егер бір оқушы Covid-19 жұқтырса, онда сынып түгелдей онлайн оқуға көшеді. Дәл сол секілді ана-анасы не бір үйдің балалары вирусты жұқтырып алса, қалғандары да қашықтан білім алады. "Ашық" қосымшасы тек мектептің аумағына кіргісі келетін ана-аналарға қажет. Бірақ, әке-шешесі екпе алмаған оқушылар білім ошағына кіргізілмейді деген шектеу жоқ.
Еске салсақ, Алматыда соңғы екі апта ішінде мектеп жасындағы 1 778 баладан Covid-19 анықталды. Оның 40-ы дәл қазір ауруханада ем алып жатыр.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-