Алматыда үйде жалғыз қалған қызды түн ортасында дрон аңдыды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Ал полиция дронның кімге тиесілі екенін анықтап жытыр.

Алматыда үйде жалғыз қалған қызды түн ортасында дрон аңдыды. Ұшатын аппарат тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесін торуылдап, 10-15 минуттай ұшып жүрген, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бойжеткеннің айтуынша, дрон полиция шақырғанда ғана із суытқан көрінеді. Бірақ оған дейін түнгі сағат 3-тер шамасында шамамен 5 метр қашықтықта тұрған. Үрейленген қыз өзінен жоғары қабатта адам тұрмайтынын, ал жақын маңда басқа терезе жоғын айтады. 

Сондықтан ұшқышсыз ұшу құралы нақ өзін аңдығанына сенімді. Ал полиция дронның кімге тиесілі екенін анықтап жытыр. Аталған дерек Алматы қаласы Әуезов ауданы полиция басқармасы тарапынан қарауға алынды. 

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппаратының ықтимал тиесілілігін анықтауға бағытталған тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз