Тікелей эфир

Алматыда тұрғындар өтінішінен кейін жаяу жүргіншілер өткелі салынды

Халықтың іргелес аумаққа көптеп қоныстануына байланысты осы жол телімінде қауіпсіз өтудің қажеттілігі туындады.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, оқушылар мен жақын маңдағы шағын аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін Рысқұлов даңғылында, "Парасат" тұрғын үй кешенінің жанында жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды.

Рысқұлов даңғылы мен Сазановская көшелерінің қиылында ортасында бөлу жолағы бар 3 жолақты көлік құралдарының қозғалысы ұйымдастырылған. Бұған дейін бұл жол қозғалысы ережесін бұзып, жолды кесіп өткен жаяу жүргіншілерге айтарлықтай қауіп төндірген.

Халықтың іргелес аумаққа көптеп қоныстануына байланысты осы жол телімінде қауіпсіз өтудің қажеттілігі туындады. Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде тұрғындар осы ауданда жер үсті өткелін орнатуды сұраған.


Оқи отырыңыз: 735 млн теңге бөлінді: Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 130 көшедегі жол жөнделеді.


Қысқа мерзімде жаяу жүргіншілер көпірін салу жобасы әзірленді. Ол 2023 жылдың 2 тоқсанында басталып, қыркүйекте аяқталды.

Жаяу жүргіншілер өткелі барлық талап пен стандартқа, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып салынды.

Серіктестер жаңалықтары