USD: 473.1 / 477.1
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +23C
Все города

Алматыда түнгі клубта есірткі сатқан ер адам 10 жылға сотталды

Тінту кезінде ақ түсті синтетикалық ұнтақ салынған түйіншек табылды.

Алматының түнгі клубында есірткі таратқан ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы.

Былтыр қыркүйек айында түнгі клубта синтетикалық есірткі сатып жүрген 27 жастағы жігіт ұсталған болатын. Тінту кезінде ақ түсті синтетикалық ұнтақ салынған түйіншек табылды. Барлығы сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Оған қатысты қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша іс қозғалды. Ұсталған жігіт жақында 28-ге толды.

"Сотта ол қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігінің 6-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, қоғамдық орында жасалған іс-әрекеттер) бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау