Алматыда тепловоз бен автобус соқтығысты, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты бүгін 11:40-та болған. 88-ші бағыттағы автобус жүргізушісі Әуезов көшесімен келе жатқанда тепловозға жол бермеген.
"Жол апаты кезінде тепловоз қоғамдық көліктің бүйіріне кіріп кетті. Автобуста болған алты жолаушы зардап шекті. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Полицейлер жол-апатының мән-жайын анықтауға кірісті", – делінген хабарламада.