USD: 472.3 / 475.3
  • EUR: 543.5 / 548.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +34C
Все города

Алматыда Telegram арқылы вейп сатқан заңсыз топ әшкереленді

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Тінту кезінде 150 мыңнан астам вейп тәркіленді.

Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігі тыйым салынған электрондық тұтыну жүйелерінің (вейп), дәмқосқыштар мен арнайы сұйықтықтардың заңсыз айналымына қарсы ірі операция жүргізді, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.

ҚМА мәліметінше, ESCOBAR OPTOM атауымен тіркелген Telegram арнасы арқылы вейп өнімдері жасырын сатылып, курьер арқылы жеткізіліп отырған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде сатуға арналған қоймалар мен нүктелердің мекенжайы белгілі болды. Тінту кезінде 150 мыңнан астам вейп тәркіленді. Заңсыз тауардан түсетін табыс 1 миллиард теңгеден асуы мүмкін еді. Тәркіленген өнімдердің кәмелетке толмағандар, әсіресе мектеп жасындағы балалар арасында кеңінен тарағаны белгілі болды. Топ мүшелері вейптерді қасақана жасөспірімдерге бағыттап, олардың денсаулығына елеулі қауіп төндірген", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, қосымша мәліметтер жария етілмейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау