Алматыда 6 наурыз, таңғы 5.09-да жер сілкінді. Оның ошағы Қытайда орналасқан.
"ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 6 наурызда Алматы уақытымен 05 сағат 09 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 км жерде) орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында сезілуі – 2 балл", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Алматы ТЖД мамандары қаланың аудандарда мониторинг жүргізді. Зақым болған немесе қираған ғимараттар байқалмаған.
Еске салайық, Алматыда 4 наурызда сағат 11.22-де қуатты жер сілкінісі болды. Оның ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде орналасқан. Қуаты 5 балл болып тіркелді.
Оқи отырыңыз: Жер сілкінісінің ошағы Алматыға жақындап келеді. 130 жыл бұрынғы жойқын зілзала қайталана ма