Алматыда қуаты 2 балл жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Сейсмикалық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.9.
- Магнитудасы MPV 5.7.
- Тереңдігі 10 км.
- Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 308 км жерде Қытай аумағында орналасқан.
Еске салайық, Информбюро порталына берген сұхбатында тәуелсіз сейсмолог Мұхтар Хайдаров Алматыда қуатты жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтты. Айтуынша, сейсмологиялық процесс үшке бөлінеді: форшок – алдын ала жер сілінісі, одан кейін негізгі үлкен жер сілкінісі болса, оның артынан афтершок болады.
Оқи отырыңыз: Жер сілкінісінің ошағы Алматыға жақындап келеді. 130 жыл бұрынғы жойқын зілзала қайталана ма
"Алматыда жер сілкінісі қатты болды. Оның артынан қуатты жер сілкінісі болуы мүмкін. Мұндай қатты форшоктар жер қабығында үлкен қысымның бар екенін білдіреді. Бұл қауіпті. 23 қаңтарда жер сілкінісінің ошағы Ақсуда болды. Ал бүгінгі мүлдем басқа дүмпу, бірақ тым жақын. Бүгінгі жер сілкінісі шекарада Кемин деген үлкен жарық бар, тура соның ортасында болды. 130 жыл бұрын қатты қысымның салдарынан 1887, 1889 және 1911 жылдары қатты жер сілкінген еді. Қуатты жер сілкінісінен үйлер құлады. Сол жер сілкінісімен байланыс көрініп тұр. Жиналған қысым Алматыға жақынырақ жылжып жатыр. Бұл өте қауіпті. Баяғы үлкен жер сілкінісің ошағына келіп отырғаны біраз уайымға салып отыр. Енді ештеңе болмайды деп айта алмаймын", – деді сейсмолог.