USD: 466.5 / 469.1
  • EUR: 536.0 / 541.0
  • RUB: 5.35 / 5.47
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Алматыда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Sincere System Group компаниясы өкілдері қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді.

Sincere System Group (S-Group) компаниясының өкілдеріне қатысты қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады

Агенттіктің хабарлауынша, S-Group компаниясының өкілдері салымшыларға айына 6 пайыздан 8 пайызға дейін немесе жылына 70 пайыздан астам жоғары кіріске уәде берген. Депозиттің ең төменгі сомасы – $100. Салымшыларды тартқан жағдайда соманың 5 пайызы көлемінде кепілдендірілген кіріс қарастырылған. 

"Бұл ретте клиенттерге ақшаны қабылдау фактісін растайтын құжаттар мен келісімдер ұсынылмаған, салым сомасы жеке кабинетте цифрлық түрде көрсетіліп, салынған қаражатты алу мүмкіндігі болмаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты "қамау түріндегі" бұлтартпау шарасы санкцияланды", – делінген хабарламада. 

   
Агенттік S-Group компаниясының қызметінен зардап шеккен азаматтарға Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласуды сұрайды. 

Call-center: 1458

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау