Тікелей эфир

Алматыда Sxodim fest фестивалі үшінші рет өтеді

Биыл сахнада Feduk, Pompeya, Fly Project, 104, Sadraddin, Yenlik, JANEL және CAPTOWN өнер көрсетеді.

15 маусымда Алматыда Первомай тоғандарында көптен күткен жазғы фестиваль – жыл сайынғы Sxodim fest өтеді. Өткен жылы фестивальге 9 мыңнан астам көрермен келіп, БАҚ тарапынан "қазақстандық Coachella" деп аталды.

Ал бұл жолы Sxodim fest көрерменді қалай таң қалдырады?

Музыка. Фестивальдің концерттік бағдарламасында сүйікті қазақстандық және шетелдік әртістердің жанды дауыста жалынды орындауы бар. Биыл сахнада Feduk, Pompeya, Fly Project, 104, Sadraddin, Yenlik, Janel және Captown өнер көрсетеді.

Көңіл көтеру. Фестиваль алаңында қонақтар қаланың ең үздік стендаперлерін тыңдап, үстел ойындарын ойнай алады, Taro шатырларында болжам жасап, шеберлік сабақтарына қатыса алады. Ал Safe Dating сессияларында жаңа достар таба алады. Сонымен қатар, Sxodim Fest серіктестері сізді бір минутқа жалықтыруға мүмкіндік бермейтін басқа да көптеген ic-шара дайындап жатыр.

Фото: Марат Каринов

Тағам. Былтырмен салыстырғанда көлемі екі есеге ұлғайған фуд-аймағымызда қаладағы ең жақсы мейрамханалар өз тағамдарын ұсынады. Кез келген адам кезекте тұрудан жалықпай-ақ өз талғамына сай бірдеңе табады.

Релакс. Мұндай ауқымды іс-шараларда демалудың қаншалық маңызды екенін білеміз, сондықтан Sxodim fest-те қонақтар демалуға және күш-қуат алуға болатын арнайы салқындату аймақтары болады.

Трансфер. Біз өткен жылдың барлық қателігін ескеріп, трансферді оданда ыңғайлы етіп жасадық! Ыңғайлы автобустар сізді фестивальге және қалаға қайтарады, сондықтан сіз тұрақ табу туралы алаңдамайсыз.

Ұйымдастырушылар. Sxodim fest шарасын Sxodim Events командасы ұйымдастырады. Sxodim Events – Sxodim Group медиахолдингінің жаңа бөлімшесі, оның құрамына "Давай сходим", Qumash, Almaty Today, Astanovka98, Shymkent Online, Bishkek Online және басқа да БАҚ жобалары кіреді.

Қосымша ақпарат пен билеттерді fest.sxodim.com сайтында сатып алуға болады

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары