Тікелей эфир

Алматыда сейсмикалық жаттығу өтеді

23 ақпан күні аясында сағат 10:00-де жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өтеді.

Осыған байланысты мегаполистің тұрғындары мен қонақтарынан түсіністікпен қарауды және тыныштықты сақтауды сұрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері хабарлады.

Сейсмикалық жаттығудың негізгі мақсаты – қала тұрғындарының төтенше жағдайларда іс-әрекетке дайындық деңгейін арттыру. Осылайша тұрғындар эвакуация маршруттарын, қауіпсіз орындарды алдын ала анықтап, дабыл чемодандарын дайындайды. Электр желілері мен ғимараттардан алыс ашық алаңдар қауіпсіз орындар болып саналады.

"Жалпықалалық сеймикалық жаттығуға алдын ала дайындалу қажет. 21 ақпаннан бастап телеарналар мен радиоарналарда хабарландыру басталды, алматылықтар оқу-жаттығуға қатысты эвакуациялау туралы хабарланатын болады. Сейсмикалық жаттығулар өткізілетін күні сағат 10.00де сирена электр дабылдарын қосу арқылы, телеарналарды, радиоарналарды автоматты түрде қамтуымен қалалық хабарландыру жүйесі іске қосылады" – деп жазылған хабарламада.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің басшысы Рустамбек Амрин бұл сейсмикалық жаттығудың республикалық екенін атап өтті. 

"Ертең бүкіл республика бойынша барлық жерде осы іс-шара өткізіледі. Іс-шара аясында сирена сияқты дыбыс ойнап, өзін-өзі эвакуациялау элементтері ретінде сигнал алу элементтері пысықталатын болады. Бұл барлық жерде республика бойынша жоспарлы түрде өтетін болады. Жаттығулар тоқсан сайын өткізіледі, бұл заңмен бекітілген. Төтенше жағдайлар министрінің тікелей тапсырмасы бойынша біз Алматы қаласына келді", – деп түсіндірді спикер.

Сейсмикалық жаттығулардың жылдың суық мезгілінде өткізілуіне байланысты, ТЖД барлық ұйым басшыларын, қала тұрғындарынан жылы киініп эвакуациялануды сұрайды.


Оқи отырыңыз: Алматыда жер сілкінісі сезілді


Еске салсақ, Алматы 9-10 балдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим болып саналады.

 

Серіктестер жаңалықтары