Алматыда сайлау күні қоғамдық көлікке сұраныс артты

Алматыда сайлау күні қоғамдық көлікке сұраныс артты
Бүгін Алматыда автобуста, троллейбуста және метрода жол жүру тегін.

23 тамыз – Құрылтай депутаттарының сайлауы күні Алматы тұрғындары қоғамдық көлікті белсенді пайдаланып жатыр. Күні бойы қаланың бірқатар бағытында автобус пен троллейбустағы жолаушылар санының артқан.

Бүгін Алматыдағы қоғамдық көліктің барлық түрінде – автобуста, троллейбуста және метрода жол жүру тегін. Мұндай шешім дауыс беру күні қала тұрғындары мен қонақтарының еркін әрі қолайлы қатынауына жағдай жасау мақсатында қабылданды.

Жолаушылар легінің артуына сайлау күніндегі қала тұрғындарының белсенділігі де әсер етіп отыр. Алматылықтар қала ішінде түрлі бағытта қатынап, соның ішінде сайлау учаскелеріне де барып жатыр. Қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді. Тасымалдаушылар мен жауапты қызметтер күні бойы бағыттардағы жағдай мен жолаушы легін бақылауда ұстап отыр", – делінген Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратта.

Алматы қаласының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы сапарды жоспарлау кезінде жекелеген бағыттардағы жолаушылар санының артуын ескеруді сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау