USD: 473.1 / 477.1
  • EUR: 538.5 / 543.5
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Алматыда республикалық "Шертпе күй" дәстүрлі музыка фестивалі өтеді

Фестивальге 16-35 жастағы музыкалық аспап орындаушылары қатыса алады.

2022 жылғы 23-26 қарашада Алматыда республикалық "Шертпе күй" дәстүрлі музыка фестивалі өтеді, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Фестивальді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастырады.

Шара мақсаты – қатысушылар арасынан дарынды жас өнерпаздарды анықтап, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, күй өнері арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетті дамыту.

Дәстүрлі музыка фестиваліне 16-35 жастағы музыкалық аспап (домбыра) орындаушылары қатыса алады. Байқау 2 турдан тұрады, қатысушылар дәстүрлі "шертпе" мектебі өкілдерінің 5 шығармасын және қатысушының таңдауы бойынша қазіргі заманғы композитордың бір күйін орындайды.


Оқи отырыңыз: 75 этнос өкілінен құралған қазақстандық оркестр әлемдік Гиннесс рекордтар кітабына енді


Байқау жеңімпаздары бас жүлде, І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ Төлеген Момбеков атындағы арнайы дипломмен марапатталады.

"Домбыра" номинациясында шертпе дәстүріндегі үздік орындаушыларды анықтайтын конкурсқа өтінімдер 2022 жылдың 6 қыркүйек – 18 қараша аралығында қабылданады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау