Алматыда Республика күніне арналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Фото: Almaty.tv
Фото: Almaty.tv
Жәрмеңкеде 50-ден астам өнім түрі мен 400 тонна тауар ұсынылады.

2025 жылғы 25–27 қазан аралығында Алматыда Қазақстан Республикасының күнінің 35 жылдығына арналған кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Іс-шараға еліміздің төрт өңірінен келген 15 ауданның фермерлері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері қатысады. Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа әрі сапалы өнімдерді делдалсыз, қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңке Қазыбек би көшесінің Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі бөлігінде ұйымдастырылып, таңғы сағат 08:00-ден кешкі 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

"Келушілерге 50-ден астам тауар түрі ұсынылады. Олардың қатарында ет пен сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс, шұжық, жарма, ұн, өсімдік және жануар майлары және басқа да өнімдер бар. Жалпы сатылымға шамамен 400 тонна ауыл шаруашылығы өнімі шығарылады. Оның ішінде 120 тонна – ет өнімдері, 100 тонна – көкөніс пен жеміс, 50 тонна – сүт өнімдері, 130 тонна – өзге де тауарлар", – делінген хабарламада.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз