USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Алматыда құрылыс нормаларын сақтамаған компания жазаланды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
AsiaMax лицензиясынан айырылды.

Алматы қаласының Қала құрылысы бақылау басқармасы AsiaMax ЖШС-не берілген құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған лицензияның қайтарылғанын хабарлады.

Аталған мердігер ұйым Әбіш Кекілбайұлы көшесіндегі сыртқы кәріз желісін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізген. Алайда жоба мерзімінің созылуы және тұрғындарға қолайсыздық тудырғаны үшін бірқатар ескерту алған.

Басқарманың жоспардан тыс тексерісі барысында жобалық шешімдерден айтарлықтай ауытқулар мен құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің бұзылғаны анықталды.

Нәтижесінде компанияға әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілді. Сонымен қатар, мердігер құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу құқығынан айырылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау