Тікелей эфир

Алматыда Қожабеков көшесі бір айға жабылады

Жол учаскесі 17 шілдеден 17 тамызға дейін жабылады.

Алматының тағы бір көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлады Алатау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік тарату желілерін салу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге байланысты Қожабеков көшесі бойымен қала шекарасынан Ф. Оңғарсынова көшесіне дейінгі 900 метр қашықтықтағы жол учаскесі 17 шілдеден 17 тамызға дейін жабылады.

"Жол қозғалысы қауіпсіздігі мақсатында уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолын алдын ала ойластыруды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары