Алматыда Қажымұқан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады.

Алматыда Қажымұқан көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Әкімдіктің мәліметінше, 18 шілде күні сағат 23:00-ден 19 шілде сағат 6:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан бастап 8-ші Гвардиялық Дивизия көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

"Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, қозғалысқа шектеу қою туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS және "Яндекс карты" сервистерінде жарияланады", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз