Тікелей эфир

Алматыда қазақ тілін үйрететін тегін курс өтеді

Алматы қаласы әкімі аппаратының тапсырысы бойынша қазақ тілін тегін үйрететін курс басталды.

Курсты Мемлекеттік тілді дамыту институты ұйымдастырды. Аталған курс мемлекеттік қызметкерлерге, Алматы қаласының тұрғындарына, этникалық топ өкілдеріне, кәсіпорын қызметшілеріне арналған. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқыту тамыз және желтоқсан айлары аралығында аптасына 2 рет, онлайн және тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлініп, офлайн түрде өтеді.

Аталған курс Алматы қаласы аудан әкімі аппаратының ғимараттары және Алматы қаласының аудандарындағы кітапханаларда өтеді.

Мемлекеттік тілді дамыту институтының байланыс нөмірлері 8 776 830 03 67, 8 747 793 52 64.


Оқи отырыңыз:"Қазақ тіліне мүлде құрмет жоқ". Депутаттар мемлекеттік қызметке өту сынағын сынға алды.


 

Серіктестер жаңалықтары