USD: 481.3 / 486.3
  • EUR: 561.5 / 567.5
  • RUB: 6.59 / 6.71
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Алматыда қалдықтарды бақылау күшейеді. Енді қоқыс таситын техникалар GPS-ке қосылады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда құрылыс қалдықтарын бақылау күшейеді.

Алматыда қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру және экологиялық бақылауды күшейту жұмыстары жалғасып жатыр. Eco Almaty мамандарының мәліметінше, қазіргі таңда қоқыс шығару ұйымдары қызмет көрсететін 100 мыңнан астам нысан толыққанды цифрлық бақылаусыз жұмыс істейді.

Сонымен қатар тариф құрамында қарастырылған қалдықтарды сұрыптауға арналған қаражат қайта өңдеу жүйесіне әрдайым толық көлемде жетпейді. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мен арнайы техникалардың тозуы да өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

"Жүйені ретке келтіру мақсатында "Бір аумақ — бір қоқыс шығаратын ұйымы" қағидатын енгізу ұсынылып жатыр. Бұл талаптар халыққа, тұрғын үй кешендеріне, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге бірдей қолданылады. Сонымен қатар қалада қалдықтарды тасымалдауды бақылаудың бірыңғай жүйесі енгізіліп жатыр. Қазір ресми қоқыс шығару ұйымдарының арнайы техникасының 94%-ы GPS-платформаға қосылған. Жүйе 20 маусымға дейін толық іске қосылады деп жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, бұл арнайы техниканың қозғалысын онлайн режимде бақылауға, қалдықтарды шығару үдерісін қадағалауға және экологиялық талаптардың бұзылуын анықтауға мүмкіндік береді.

Полигондардың жұмысының ашықтығына да ерекше назар аударылуда. Қалада қалдықтарды тоннамен есепке алу жүйесіне толық көшу, полигондарды Бірыңғай мониторинг платформасына қосу және толыққанды сұрыптау желілерін құру жоспарланған.

"Бұдан бөлек, былтыр көлемі 500 мың тоннадан асқан құрылыс қалдықтарын реттеу жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты мердігер және құрылыс ұйымдарының арнайы техникаларына міндетті GPS-трекерлер орнату, сондай-ақ құрылыс қалдықтарын орналастыру және қайта өңдеуге арналған арнайы полигон құру ұсынылып жатыр. Жыл соңына дейін Алматыда Көріктендіру қағидалары мен Қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын жаңарту, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеудің Бірыңғай диспетчерлік орталығын құру жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз