Жыл басынан бері қызметтік иттер көмегімен 4 261 құқық бұзушылық анықталған.
Қызметтік полиция иттері ерекше қажеттіліктері бар балаларды емдеу үшін қолданыла бастады, деп мәлімдеді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.
"Иттердің ерекше қажеттіліктері бар балаларға жақсы дос бола алатынын көпшілік біле бермейді. Мұндай балаларға өзгелермен тіл табысу қиындау. Осындай кезде балаларды тез баурап алатын иттер жақсы көмектеседі. ҚР ІІМ Алматы қаласындағы кинология орталығы арнайы түзету мектеп интернаттарының балаларын өзіне қонаққа шақырады", – деді Нұрділдә Ораз.
Бұған дейін де балалар қызметтік иттермен танысып, оларды басқаруды және әртүрлі бұйрық беруді үйренген. Бұл кездесуге полиция иттері алдын ала дайындалған.
"Иттер балалардың қимыл қозғалысы мен сөйлеу екпінін өте жақсы сезінеді әрі дұрыс түсіне алады. Сондай-ақ, олар жүйке кернеуін жеңілдетіп, әлеуметтік мінез-құлықты дамытуға көмектеседі. Әрбір баланың күшіктермен "сөйлесіп", тамақтандырып және олармен ойнауға мүмкіндігі бар", – деп қосты Нұрділдә Ораз.
Сондай-ақ, жыл басынан бері қызметтік иттер көмегімен 4 261 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 1 872 – ұрлық, 652 – есірткі айналымы, 143 – тонау, 25 – қарақшылық және 46 – кісі өлтіру фактілері.
Еске салсақ, ҚР ІІМ-нің құжаты жоқ азаматтарды анықтау акциясын 2022 жылдың мамырына дейін ұзартқаны туралы хабарлаған едік. Жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 6 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды
-
376
-
0
-
6
-
-
2🚨Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Газиантеп қаласында іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті
-
369
-
0
-
6
-
-
3🚦Астана, Алматы мен Шымкентте жол ережесін бұзудың 86%-ы стационар камера арқылы анықталған
-
337
-
0
-
1
-
-
4Қазақстаннан тағы 60 құтқарушы Түркияға көмекке барады
-
320
-
0
-
2
-
-
5Алматы облысында 8 автокөлік соқтысып, жол апатынан бір адам қайтыс болды
-
315
-
0
-
0
-
-
6Ақмола облысында 1,3 млрд теңге бюджет қаржысын жымқыру бойынша күдіктілерге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
-
315
-
0
-
2
-
-
7Бала күтіміне төленетін жәрдемақыны қалай есептеуге болады?
-
311
-
0
-
2
-
-
8Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?
-
312
-
0
-
2
-
-
9Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
-
296
-
0
-
2
-
-
10Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады
-
324
-
0
-
3
-