2021 жылдың 30 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында Алматыда өтетін "Бастау" IX халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі негізгі байқау бағдарламасына, жеке секцияларға, сондай-ақ, конкурстан тыс көрсетілетін жобаларға қатысушыларды жариялады, деп хабарлайды "Қазақфильм" баспасөз қызметі.
Алдыңғы фестивальдердегідей, "Бастаудың" негізгі бағдарламасы толық метражды картиналардан – Bastau Debuts және қысқа метражды фильмдерден – Bastau shorts, сондай-ақ, деректі жұмыстардан – Bastau docs-тан тұрады.
BASTAU DEBUTS байқауына 10 фильм қатысады:
- "Астероид" – режиссері Мехди Хосейнванд Аалипур, Иран;
- "Соседи" – режиссері Мано Халил, Швейцария;
- "Бара бара" – режиссері Гаурав Мадан, Үндістан;
- "200 метров" – режиссері Амин Найфех Палестина, Иордания, Катар, Италия, Швеция;
- "Потанцуй со мной" – режиссері Никандр Федоров, Якутия;
- "Кто спит в серебристо-сером" – режиссері Ляо Зихао, Қытай;
- "Белый кит" – режиссері Татьяна Федоровская, Ресей;
- "Haildriver" – режиссері Музамер Рахман, Малайзия;
- "Супернова" – режиссері Бартош Крухлик, Польша;
- "Отау" – режиссері Әлішер Жәдігеров, Қазақстан.
BASTAU SHORTS қысқа метражды фильмдер байқауына 25 көркем және 16 анимациялық фильм қатысады. Bastau DOCS халықаралық деректі кино байқауында 7 толық метражды және 10 қысқа метражды фильмдер ұсынылған.
Фестиваль Дәурен Қамшыбаевтың байқаудан тыс көрсетілетін дебюттік картинасы – "Зере" фильмінің ұлттық премьерасымен ашылады. Бұған дейін бұл фильм тек Бразилиядағы São Paulo International Film Festival халықаралық кинофестиваліне қатысқан. Картинада басты рөлдерде танымал жұлдыздар Берік Айтжанов, Мұрат Бисенбин, Адина Бажан және Ольга Ландина ойнайды.
Сондай-ақ, конкурстан тыс Айжан Қасымбектің "От" картинасы көрсетіледі. Фильмнің әлемдік премьерасы жақында ғана Пусандағы (Оңтүстік Корея) халықаралық кинофестивальде өтті. Сонымен қатар, биыл фильм Германиядағы Film Festival Cottbus және Сингапурдағы Singapore International Film Festival кинофестивальдеріне қатысты. Ал басты рөлді сомдаған Төлепберген Байсақалов Сочидегі X Russian British Sochi international film festival&Awards 2021 кинофестивалінде және Лос-Анджелестегі Asian World Film Festival кинофестивалінде екі бірдей марапатты жеңіп алды.
Мұнымен қатар, байқаудан тыс Әділхан Ержановтың "Оңбағандар" атты жаңа фильмі және Александр Каменскийдің "Еуразия патшайымдары" деректі лентасы көрсетіледі.
Фестивальдің жеке секциялары – BASTAU FOCUS-та Ауғанстаннан 3 фильм ұсынылған. Олар режиссер Рамин Расулидің "Прошлой ночью собаки не спали" (Inter religions Award МКФ Фаджр 2021 жылдың "Үздік фильмі") картинасы, Граназ Муссавидің "Когда воют гранаты" (APSA-да "Үздің жастар фильмі" номинациясы) және Навида Махмудидің "Утонуть в святой воде" (Пусан ХКФ 2020 жылы "Окно в Азиатское кино" бағдарламасында Ким Джи Сок жүлдесін жеңген) фильмдері.
AROUND THE WORLD секциясында ірі халықаралық кинофестивальдердің жүлдегерлері – Сергей Лозницаның "Бабий яр. Контекст" деректі фильмі, Виктор Косаковскийдің "Гундасы" және Татьяна Федоровскаяның "Мамины шпильки" фильмдері көрсетіледі.
BASTAU CENTRAL ASIA-да Орталық Азияның 5 жаңа фильмі ұсынылды. Қырғызстаннан екі картина – Эмиль Атагелдиевтің "Озеро" фильмі және Дастан Жапарулу мен Бақыт Мұқулдың "Эденге жолы", Өзбекстаннан 2 фильм – Рашид Маликовтың "Неволясы" және Мансур Абдухаликовтың "Теңіз" атты фильмі және Тәжікстаннан Руми Шоазимовтың "Провинциальные мечтатели" атты жұмысы көрсетіледі.
"Бастау" IX халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің кестесін bastauiff.com сайтынан көруге болады.
Еске салсақ, Алматыда IX халықаралық "Бастау" студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің өтетіні туралы хабарлаған едік. Фестиваль Дәурен Қамшыбаевтың байқаудан тыс көрсетілетін дебюттік картинасы – "Зере" фильмінің ұлттық премьерасымен ашылады.