Қазақ мемлекеттік циркі ұйымдастырған қойылымдар 15 тамызға дейін жалғасады.
Hello CIRCUS шоуы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді. Сондай-ақ, биыл 150 жылдығы атап өтілетін палуан және цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасұлына арналады.
"Алматы циркінің шығармашылық ұжымы өз көрермендерімен кездесуді ұзақ күтті, цирк әртістері онлайн мен офлайн режимінде тынымсыз жұмыс істеді. Біз циркте алматылықтар мен оңтүстік астананың қонақтарын, нағыз цирк өнерін бағалаушыларды үлкен қуанышпен күтеміз", – деп хабарлады Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бақыт Бөкебаев.
Цирк бағдарламасында "Номад" атты акробатикалық топтың, "Таурус" әлемдік каскадерлер академиясы сыйлығының иегері Жайдарбек Кунгужиновтың, "Мамонтенок" VI Халықаралық цирк фестивалінің алтын жүлдегері Анастасия Демидованың және "Шабыт" XX Халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің бірінші орын иегері ұсынылған.
Алматы циркінің көрсетілімі барлық карантиндік талаптарды сақтай отырып өтеді: температураны тексеру, санитайзерлердің болуы, сондай-ақ медициналық бетперделер болады. Бұдан басқа, Қазақ мемлекеттік циркінің қойылымдарына кіру Ashyq жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Алматы циркі осындай шараны карантиннен кейін алғаш рет өткізіп отырғанын айта кету керек. Індет кезеңі бір жарым жыл бойы әртістерді көрермендерсіз қалдырды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
319
-
0
-
1
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
275
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
282
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
272
-
0
-
3
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
282
-
0
-
1
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
249
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
239
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
242
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
236
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
245
-
0
-
0
-