Департамент өкілінің айтуынша, үй карантині режимін бұзған азаматтардың бірде-бірі көпшілік нысандарының ішіне кірмеген.
Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, оқшаулану режимін бұзған тұлғалардың бір де біреуі көпшілік жиналған ғимаратқа кірмеді. Яғни, олар Ashyq жобасын пайдаланатын азаматтар мен кәсіпкерліктерге зиянын тигізбеді.
"Осы күнге дейін үй карантині режимін бұзған азаматтар нысандардың ішіне кірмеді. Үнемі ғимаратқа кіруіне шектеу қойып отырдық. Ashyq жобасы арқылы оқшаулану режимін бұзған 170 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен азаматтардың соңғы 14 күнде қайда болғанын нақтылап, эпидемиологиялық сауалнама жүргіздік. Бұл өз кезегінде олардың коронавирусты қайда жұқтырған болуы мүмкін екенін анықтауға көмектесті", – деді Әсел Қалықова.
Бұдан өзге Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов қала әкімдігі сайтында Ashyq лидерлеріне қатысты ақпаратты нақтылайтынын айтты. Яғни, бұдан былай Ashyq жобасы арқылы жұмыс істейтін және лидерлеріне қатысты ақпаратта жеке кәсіпкер немесе ЖШС ғана емес, халық баратын нысандардың атауы қоса жазылады.
"Маусым айының басында адамдарға және бизнеске стимул болсын деген мақсатпен маркетингтік қолдау ойлап таптық – арнайы картинка, наклейкалар жасап шығардық. Бұл белгілер объектінің Ashyq лидері, қатысушысы екенін дәлелдейді. Ал лидер болған объектілер жұмыс істеу уақыты мен сыйымдылық жағынан артықшылықтарға ие. Барлық қажет объектіге осы картиналарды беруге дайынбыз. Өз клиенттерін БАҚ және әлеуметтік желіде хабардар ету үшін. Бұл жеке қызығушылықтарына байланысты. Атаудың түсініксіздігіне келер болсақ, заңды атауына қарағанда, нақты дәмхана, мейрамхана атауы жазылуы керек деп жатыр. Мұны ұсыныс ретінде біз міндетті түрде қараймыз", – деді Айтуар Қошмамбетов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
289
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
263
-
0
-
4
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
245
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
250
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
246
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
249
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
242
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
244
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
241
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
246
-
0
-
0
-