Тікелей эфир

Алматыда оқушыларға арналған автобустар қашан беріледі?

Қазіргі кезде 38 мыңнан астам оқушының мектепке барып-келуіне автобус қажет.

Мектеп автобусы бойынша қазір талдау жүргізіп жатырмыз, деп мәлімдеді Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

"Ата-аналардың арасында сұрақ-жауап жүргізілді. Қазіргі кезде нақты автобусқа қажеттілік 38 мыңнан астам оқушыны құрайды. Алайда, біз кезең-кезеңімен іске асыруды жоспарлап отырмыз. Әсіресе, қажет аудандардың ішінде Бостандық, Медеу, Алатау, Наурызбай аудандары бар. Әрине, барлық мектебі емес. Әр ауданнан тауда орналасқан, қаладан шалғай орналасқан төрт-бес мектептен анықталып жатыр", – деді Ләззат Жылқыбаева.

Басқарма басшысы автобус тек оқушыларға арналатынын айтты. Ол 20, 30 немесе 50 орындық автобустар болуы мүмкін.

"Мектептің нақты қажеттілігі анықтылғаннан кейін қанша автобус қажет екені белгілі болады. Ол мектептің өзіне тиесілі мектеп автобусы болады", – деп түсіндірді Ләззат Жылқыбаева.

Еске салайық, өткен айда қала әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесіп, мектеп автобустарын іске қосу жоспарланып отырғанын айтқан еді.


Оқи отырыңыз:

Қазақ сыныбында білім алатын оқушылар саны артып келеді

Оқу жылы енді 31 мамырда аяқталады: Оқушылар жазда неше күн демалады?

 

Серіктестер жаңалықтары