USDUSD: 500.1 / 502.7
  • EUREUR: 542.5 / 546.5
  • RUBRUB: 5.69 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +12C
Все города

Алматыда мыңдаған дана вейп сақталған қойма табылды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Жедел іс-шаралар нәтижесінде екі адам анықталды және ұсталды.

Алматыда мыңдаған дана вейп сақталған қойма табылып, полиция қызметкерлерінің көмегімен жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда тәртіп сақшылары электронды темекіні заңсыз сату дерегін анықтады.

"Алматы қаласы Алатау ауданында 200 дана вейпты заңсыз сатқаны анықталды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде екі адам анықталды және ұсталды, олардың біреуі тыйым салынған өнімдерді жеткізумен айналысқан, екіншісі – қойма иесі. Талғар ауданындағы қойманы тінту барысында 5 мыңға жуық электронды темекі тәркіленді. Ұсталған қойма иесінің сөзінше, ол заңсыз баю мақсатында вейптерді сатумен айналысқан, ал қойманы өнімді уақытша сақтау үшін пайдаланған. Темекі өнімдері, электронды тұтыну жүйелері (вейптер), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жалғасып жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Серіктестер жаңалықтары