Тікелей эфир

Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Фото: Алматы ПД
Фото: Алматы ПД
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматыда 26 жастағы Ресей азаматы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі. 

Станислав Конаков есірткі қылмысын жасағаны үшін Ресей Федерациясы мемлекетаралық іздеуге жарияланған. Сот оған бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда күдікті қашып кеткен.

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қашқынды Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Ол қаладағы тұрғын үйлердің бірінде жасырынып жүрген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр", – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары