Алматыда Медеуге қатынайтын автобустар жаңартылды

Босатылған автобустар басқа бағыттарды күшейтуге пайдаланылады.

Алматыда Медеу бағытында жаңа автобустар қатынайтын болды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

6 наурыздан бастап Теміржол вокзалы – 2  мен Медеу арасында жүретін №12 бағыттағы автобустар толықтай жаңартылды. Бұл бағыт бойынша  жұмыс күндері 16, демалыс күндері 20 автобус жүреді.

Жаңа 12 метрлік Yutong газ автобустары заманауи жабдықтармен, соның ішінде ауаны баптау жүйелерімен, бейнебақылаумен және телефондарды зарядтауға арналған USB қосқыштарымен жабдықталған. Сонымен қатар, интерьер аялдамалардың атауларын көрсететін ақпараттық дисплеймен толықтырылды.


Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз