Алматыда мамырдан бастап субұрқақтар кезең-кезеңімен іске қосылады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда көгалдандыру жұмыстары қарқын алды.

Алматы қаласының Медеу ауданы аумағында көгалдандыру және жасыл желекті дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Еркебұлан Оразалин Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Ауданның жалпы жасыл қоры 1,1 мың гектарды құрайды. Жыл сайын мұнда ағаш, бұта және гүл егу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Биылғы жоспарға сәйкес, 60 мыңнан астам бұта, 48 мыңнан астам гүл және 1 мыңнан астам ағаш отырғызу көзделген.

"Суару жүйелерін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Өткен жылы жаз мезгіліндегі құрғақшылық, әсіресе Шығыс айналма автожолы бойындағы аумақтарда, жасыл желектердің күтіміне әсер еткен. Осыған байланысты арнайы суару жүйесін жаңарту жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта Шығыс айналма автожолы бойында автоматты суару жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жоба аясында 16 гектар аумақ қамтылып, 98 шақырым суару желісі жаңартылып, екі резервуар орнатылады. Жұмыстарды тамыз айында аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, биыл "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында 31 жоба жүзеге асырылуда. Оның 13-і автосуару жүйесін орнатуға бағытталған", – делінген хабарламада.

Еркебұлан Оразалиннің айтуынша, бұған дейін мұндай ауқымды суару инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүргізілмеген. Бұл шешім климаттың өзгеруі мен жазғы температураның жоғарылауымен байланысты қабылданған.

"Жүргізіліп жатқан жұмыстар жасыл желекті сақтауға және ауданды өмір сүруге қолайлы етуге мүмкіндік береді", – деді аудан әкімі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз