Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесіне зорлық көрсетті деген күдікке ілінді

Видео скрині
Видео скрині
Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Алматыда мүмкіндігі шектеулі енесін зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті мәлімдеді.

Ақпарат жәбірленушінің қызы, яғни күдіктінің заңды жұбайы полицияға арызданғаннан кейін белгілі болған.

Аталған факті бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Оның әрекетіне принципті әрі объективті құқықтық баға беріледі. Кінәсі дәлелденген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", – делінген ПД хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау