Тікелей эфир

Алматыда көшкіннен төрт адам қаза тапты: үлкен ұлына қандай көмек көрсетіледі?

Әкімдік қаза болғандарды жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ тірі қалған баланың оқуы мен тұруына қаржылай көмек көрсетеді.

Қала әкімі Ерболат Досаев лай көшкінінен қаза тапқан отбасының үлкен ұлына қандай көмек көрсетілетінін айтты.

Үй қирандыларының астынан 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған егіз ұлдардың мәйіттері табылды. Бұған дейін зардап шеккен үйдің көршілері Informburo.kz тілшісіне онда бір отбасы тұратынын айтқан болатын.

"Құтқару қызметтері Медеу ауданында қираған үйде тұрып жатқан отбасы мүшелерін іздестіру жұмыстарын аяқтады. Қайғылы оқиға төрт адамның өмірін қиды. Отбасы мен достарымның қайғысы мен қазасына ортақпын. Шын жүректен көңіл айтамын", – деді Ерболат Досаев.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы лай көшкіні кезінде көз жұмған 4 адамның денесі табылды


Ол барлық отбасы мүшелерін жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсетуді тапсырды. Студент әрі Қазақстаннан тыс жерде білім алып жатқан үлкен ұлына оқуға және қабылдаушы елде тұруға қаржылай қолдау көрсетіледі.

Серіктестер жаңалықтары