Тікелей эфир

Алматыда Қарғалы ауылына жаңа автобус жүреді

Ол Төле би – Яссауидегі бұрылыстан шығады.

20 қазанда Алматыда қалаға қатынайтын жаңа бағыт ашылады. №236 автобус Төле би-Яссауи жолындағы бұрылысты Қарғалы ауылымен байланыстырады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Бұл бағытта 12 Isuzu HC-40 автобусы қатынайтын болады. Қозғалыс аралығы 17 минут болады.

Осы жылдың басында қалада Саяхат автовокзалынан Нұра мен Туғанбай ауылдарына, Қараой ауылынан Саяхатқа және Батыр ауылынан Солтүстік айналмадағы "Адем" сауда үйіне автобустар қатынай бастады.


Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды.


Жыл соңына дейін қалаға автобус қатынасы 25 елді мекенді, келесі жылы тағы 20 елді мекенді қамту жоспарлануда.

Серіктестер жаңалықтары