Тікелей эфир

Алматыда қала күнін тойлауға байланысты бірқатар көше жабылады

Алматы қаласы әкімдігі жол жабуға байланысты уақытша бағыттарды жариялады.

Биыл 14-17 қыркүйек аралығында сағат 8.00-ден 24.00-ге дейін «Almaty Cover Show» фестивалін өткізуге байланысты "Астана" алаңында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі аралық жабылып, көлік құралдарының қозғалысы шектеледі.

Ал 15-17 қыркүйек аралығында сағат 8.00-ден сағат 20.00-ға дейін Алматы облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Достық даңғылы мен Уәлиханов көшесінің арасы жабылып, көлік құралдарының қозғалысы шектеледі.

Жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақтар туралы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, AlmatyJoly телеграм  арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және "Яндекс.Карта" қосымшасында жазылған.

Жол жабуға байланысты уақытша бағыттар:

Төле би көшесінің бойымен Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі аралық:

№48  батыс бағытта: Достық даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№48 шығыс бағытта: Төле би көшесі – Наурызбай батыр көшесі – Қабанбай батыр көшесі – Достық даңғылы – бұдан әрі кесте бойынша;

№16 батыс бағытта: Қонаев көшесі – Бөгенбай батыр көшесі – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№16 шығыс бағытта: Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – Қабанбай батыр көшесі – Қонаев көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№126 батыс бағытта: Қонаев көшесі – Бөгенбай батыр көшесі – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№12 шығыс бағытта: Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – Қабанбай батыр көшесі – Қонаев көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№37 батыс бағытта: Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№37 шығыс бағытта: Наурызбай батыр көшесі – Қабанбай батыр көшесі – Назарбаев даңғылы – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№201 батыс бағытта: Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№201 шығыс бағытта: Наурызбай батыр көшесі – Қабанбай батыр көшесі – Назарбаев даңғылы – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№205 батыс бағытта: Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі – Наурызбай батыр көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№205 шығыс бағытта: Желтоқсан көшесі – Қабанбай батыр көшесі – Назарбаев даңғылы – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№209 батыс бағытта: Төле би көшесі – Қонаев көшесі – Бөгенбай батыр көшесі – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№209 шығыс бағытта: Төле би көшесі – Наурызбай батыр көшесі – Қабанбай батыр көшесі – Қонаев көшесі – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№210 батыс бағытта: Төле би көшесі – Қонаев көшесі – Бөгенбай батыр көшесі – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№210 шығыс бағытта: Төле би көшесі – Наурызбай батыр көшесі – Қабанбай батыр көшесі – Қонаев көшесі – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№206 батыс бағытта: Төле би көшесі – Қонаев көшесі – Бөгенбай батыр көшесі – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№206 шығыс бағытта: Төле би көшесі – Наурызбай батыр көшесі – Қабанбай батыр көшесі – Қонаев көшесі – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№224 батыс бағытта: Төле би көшесі – Назарбаев даңғылы – Бөгенбай батыр көшесі – Желтоқсан көшесі – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№224 шығыс бағытта: Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – Қабанбай батыр көшесі – Назарбаев даңғылы – Төле би көшесі – бұдан әрі кесте бойынша.


Оқи отырыңыз: Астанадағы Сығанақ көшесінің оң жақ бөлігі 30 қарашаға дейін жабылады.


Сәтбаев көшесінің бойы Достық даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін:

№121 шығыс бағытта: Сәтбаев көшесі – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Достық даңғылы – бұдан әрі кесте бойынша;

№121 кері бағытта: Достық даңғылы – Абай даңғылы – Назарбаев даңғылы – Сәтпаев көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№45 солтүстік бағытта: Желтоқсан көшесі – Абай даңғылы – Достық даңғылы – бұдан әрі кесте бойынша;

№45 кері бағытта: Достық даңғылы – Абай даңғылы – Желтоқсан көшесі – бұдан әрі кесте бойынша;

№95 шығыс бағытта: Сәтбаев көшесі – Назарбаев даңғылы – Абай даңғылы – Достық даңғылы – бұдан әрі кесте бойынша;

№95 кері бағытта: Достық даңғылы – Абай даңғылы – Назарбаев даңғылы – Сәтпев көшесі – бұдан әрі кесте бойынша.


Оқи отырыңыз: 735 млн теңге бөлінді: Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 130 көшедегі жол жөнделеді.


 

Серіктестер жаңалықтары