Тікелей эфир

Алматыда Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығы атап өтілді

"Отырар сазы" оркестрінің концерті мен өнер қайраткерлері концерт қойды.

Алматыда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармония сахнасында халық ақыны, әнші-композитор, "Алатаудың бұлбұлы" Жетісу ән мектебінің көрнекті өкілі Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің концерті өтті.

Концерттік бағдарламада Кенен Әзірбаевтың "Қордай", "Анама", "Бозторғай" әндері, сондай-ақ, ақынның оркестрге өңделген және Н.Тілендиев пен Қазақстан композиторларының шығармалары орындалды. Іс-шарада Қазақстанның халық әртісі, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев қазақ дүлділінің өнегелі өмірі мен шығармашалығы жайында сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Қазақстанның Халық әртісі Рамазан Стамғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов, Мәдениет саласының үздігі Шолпан Даржанова, Бейбіт Мұсаев және филармония солистері өнер көрсетті.

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жалғасбек Бегендіков дирижерлік етті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева.

Концертке Кенен Әзірбаев мұрасын халық арасында насихаттап жүрген Төрткен Кененқызы бастаған ұрпақтары қатысты. Төрткен Кененқызы өнер ордасына әкесі бейнеленген кілемді сыйға тартты.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары