Алматыда Eurasian Fashion Week сән апталығы өтті 

Фото: EFW баспасөз қызметі
Фото: EFW баспасөз қызметі
Сән апталыңының 9-маусымы Fluidum EURASIAN тақырыбына арналды.

22–23 сәуір күндері Алматыда Eurasian Fashion Week өтті. 9-маусымның тақырыбы – Fluidum EURASIAN. Бұл өзгеріс пен сәннің қазіргі заманға бейімделуін бейнелейді.

Сән – бұл үнемі өзгеріп тұратын, стильдер мен дәуірлерді, мәдениеттерді біріктіретін тірі процесс. "Fluidum" атауы латын тілінен шыққан, икемділік, еркіндік пен қозғалысты білдіреді.

EFW 2025 негізгі бағыттары:

  • Стереотиптерді жою: инклюзивтілік, гендерлік бейтараптылық, әмбебап өлшемдер.
  • Дәстүр мен технологияның синтезі: ұлттық элементтер мен жоғары технологиялық материалдардың үйлесімі.
  • Интерактивті формат: сән – бұл перформанс. Әртүрлі дәуірлерді бейнелейтін "текше" инсталляциялар сәннің эволюциясын көрсетеді – бароккодан қазіргі трендтерге дейін.

2018 жылы негізі қаланған әзербайжандық бренд Anara Zakirli EFW 2025 арнайы шақырылған қонағы атанды. Анара Закирли Шуша және басқа аймақтардағы кілемдерден шабыттанып, "Ajdaha", "Qoca", "Zərəfşan", "Tabriz", "Flowers in the Garden" топтамаларын ұсынды.

Фото: EFW баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Sun Sergio, Tasha Kazantseva, Rose & Boujee, She Said Yes, Kenje, ShakerBay, Arai Bektursun, Bayan Sabazova, Zero брендтері жаңа коллекциясын таныстырды. Kids Fashion Day, яғни балалар сәні күнінде Bella Sopromadze, ORCHESTRA, Ave.Montaigne, Benetton, Twins Textile топтамасын ұсынды. Muslim Fashion Day және Ethno Fashion Show бағдарламалары да болды. EFW 2025 – мәдениет пен бизнестің тоғысқан алаңы EFW – дизайнерлер мен брендтерге халықаралық деңгейде өз концепцияларын көрсетуге, серіктестерге – инновациялық жобаларға қосылуға, ал қонақтар мен БАҚ өкілдеріне – сәннің соңғы тенденцияларымен танысуға мүмкіндік береді.

EFW 2025 – миссиялы сән Қазақстандағы алғашқы платформа ретінде, EFW – қоғамдағы оң өзгерістерге үлес қосатын сән қозғалысы. 23 сәуірде KIDS FASHION DAY аясында ерекше қажеттіліктері бар балалар (ДЦП, онкология, гемофилия және т.б.) подиумда жұлдыз болып жарқырайды. Оларға жетекші брендтер дайындаған стильді образдар ұсынылады, ал көрсетілім соңында киімдер балаларға сыйға тартылады.

EFW және Халықаралық көші-қон ұйымы (БҰҰ агенттігі) әлеуметтік осал әйелдерге арналған бизнес және қаржылық сауаттылық бойынша бағдарламаны іске асырып, "SARINA" атты киім брендін құрды. Қазір 100-ден астам әйел тігін өндірісін меңгеруде.

EFW ресми серіктесі – "Казцинк" компаниясы. Бұл – елдегі әйелдер кәсіпкерлігін, білім мен мәдениетті қолдауға үлкен үлес қосып жүрген жетекші өндіріс. Компанияда 4000-нан астам әйел жұмыс істейді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары