Алматыда есірткі жарнамасын таратқан күдіктілер ұсталды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
Бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Алматыда полиция қызметкерлері есірткі жарнамасын таратқан жігіттерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Абылай хан даңғылының бойында Алматы патрульдік полициясының қызметкерлері бағаналар мен құрылыс нысандарына парақшалар жапсырып жүрген екі ер адамды байқады. "Буран-057" экипажы күдікті адамдарды тексерді. Олардың қолында "жылдам әрі жоғары ақы төленетін" жұмыс туралы жарнамалық парақшалар болған. Шын мәнінде, бұл ұсыныстар қылмыстық сипатта: жұмыс берушілер деп аталатындар мүдделі адамдарға есірткі курьері болуды ұсынады", – делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, жедел тергеу тобы парақшалар мен басқа да айғақ заттарды тәркіледі.

"Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады", – делінген хабарламада.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз