Алматыда "Тurktime: Түркі елдерінің медиа және туризм бірлігі" тақырыбындағы IV халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы өтіп, оның аясында дәстүрлі "Еркін сөз" және "Әлеумет – қоғам айнасы" байқауларының қорытындысы шықты.
Форумға қазақстандық журналистермен қатар, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр секілді тағы бірнеше елден туризм және медиа саласының өкілдері қатысты.
2024 жылғы "Еркін сөз" байқауының жеңімпаздары:
- "Үздік телесюжет" аталымы бойынша – КТК арнасының тілшісі Ұлан Нұрахмет:
- "Үздік мақала" аталымы бойынша – "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі Елігімай Төңкер;
- "Сайттағы үздік мақала" аталымы бойынша – Аtrpress.kz сайтының тілшісі Амандық Сағынтайұлы.
Жеңімпаздар диплом және 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақымен марапатталды.
Байқаудың Жолдасбек Дуанабай атындағы сыйлығына Әділет Амангелді ие болса, Сәкен Орынбасарұлы атындағы сыйлық Бағлан Тұрғанбекке, Бақытгүл Мәкімбай атындағы сыйлық Эльмира Жүрсінбекқызына және Айнұр Сыдықова атындағы сыйлық Мерей Алайдарға табысталды.
Оқи отырыңыз: Алматыда түркітілдес журналистердің дәстүрлі медиа форумы өтеді
"Әлеумет – қоғам айнасы" байқауының бас жүлдесін Жанаргүл Қадырова иеленді. Екінші жүлдені Нұрбек Дәуренбеков жеңіп алды.
Форумның ұйымдастырушысы, Түркітілдес журналистер қорының жетекшісі Нәзия Жоямергенқызының айтуынша, 2025 жылғы форум Бельгия астанасы – Брюссель қаласында өтеді.