Let's Do It! World халықаралық қозғалысының Дүниежүзілік тазалық күніне орай өткізетін экологиялық шарасына биыл да қазақстандық компаниялар үн қосты. "Дүниежүзілік тазалық күні" акциясы азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Қазақстанда да жұртшылық пен бизнес өкілдері жыл сайын акцияға қосылады, мысалы, "Филип Моррис Қазақстан" компаниясының 70-тен астам қызметкерлері, сондай-ақ олардың отбасылары акцияға қатысып, 694 келіден астам қоқыс жинады.
Алматыдағы "Әуежай көлі" соңғы жылдары айтарлықтай өзгерді. 2020 жылы мұнда серуендеуге өте ыңғайлы, ұзындығы бір шақырымнан асатын пирс салынды. Алайда, қоқыс мәселесі әлі де күрделі. Сондықтан компания биылғы тазалық шарасын дәл осы жерде ұйымдастырды. Мұндай сенбіліктер жаңа саябақ аймақтарын тазартуға және оларға жұртшылықтың назарын аударуға көмектеседі.
Компания Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған ауқымды акцияға бірінші жыл қатысып отырған жоқ. Өткен жылы Алматыда компанияның 80-нен астам қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері Алмарасан шатқалына барып, ең ластанған жерлері – Казачки және Аюсай өзендерінің шатқалдарынан қоқыс жинады, онда олар 620 келіден астам тұрмыстық қалдықтарды жинап, қаптарға салып, одан әрі кәдеге жаратуға тапсырды.
"Біз дәстүрлі түрде өндірісте де, зауыттан тыс жерлерде де қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөлеміз. Біз сондай-ақ StopМusor жобасын Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығымен серіктестікте іске асырып жатырмыз және оның шеңберінде еліміздің әртүрлі өңірлерінде көптеген ағартушылық және волонтерлік бастамалар жүргізудеміз. Біз экологиялық сана мен өмір салтын қалыптастыру жеке адамдар мен компаниялардың үлгісінен басталады деп сенеміз", – деді ФМҚ тұрақты даму жөніндегі менеджері Ринат Заитов.
Компания World Clean Up Day-ге дәстүрлі қатысудан басқа, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы іске асыратын тағы бір маңызды әлеуметтік-экологиялық жоба – StopMusor жобасын қолдайды. 3 жыл ішінде StopMusor ұйымдастырушылары мен еріктілері жүзге жуық түрлі іс-шаралар мен сенбіліктер өткізді, ал бір экологиялық акция шеңберінде орта есеппен 10 тоннаға жуық қалдықтар жиналды. Жоба аясында мобильді қосымша және stopmusor.kz арнайы сайты жұмыс істейді, мұнда әр тұрғын өз қаласындағы рұқсат етілмеген қоқыс тастауға немесе басқа экологиялық мәселеге шағымдана алады. Барлық өтінімдер Қауымдастыққа келіп түседі және мәселені одан әрі шешу үшін тиісті органға жіберіледі.
Жоба 3 миллионнан астам адамды қамтыды және оның ұйымдастырушылары айтқандай, олар осымен тоқтағысы келмейді, экология мен қоғам үшін пайдалы бастама келесі жылы да жалғасады.